МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ

«Білім мен тәрбие қашан да құстың қос қанатындай егіз ұғым саналады. Білімді мақсатты, саналы жолда жұмсап, ел игілігіне қызмет ету үшін адамның болмысы, рухани жан-дүниесінің таза, адал болуы керек-ақ. Ал мінез көркемділігі – иісі мұсылман баласына тән сипат. Көркем мінез, жұмсақ, жылы жүз, сабырлылық әрқашанда адам баласына тек пайда әкеледі». Бұл жөнінде «Мұхсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрсақов Әбу Досмұхамбеов атындағы дарынды балалар мектеп интернатында өткен кездесуде айтты.
Мазмұнды кездесуде мұнан басқа қазіргі қоғамдағы түйткілді тақырыптар да қозғалды. Оқушылар дін өкілдерінен Ислам дінін көлеңке еткен теріс ағымдар жайында көкейде жүрген ойларын айтып, сұрақтарын қойды. Өз кезегінде бас имам ата діннен алшақ кеткен бұл топтардың хақ діннің сара жолына еш үйлеспейтіндігін, ал діни білімді барша қазақ халқының қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарап үйреніп, мешіт имамдарынан ғана сенім жайлы сенімді ақпарат алып, саналы жастар мақсатсыз-ойсыз жат ағым жетегінде кетпеуі керектігін баса айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің
жастар ісі бөлімі

Return to Top ▲Return to Top ▲