Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай «20 игі іс» акциясы шеңберіндегі қайырымдылық шараларын өткізу эстафетасы «Қызылжар» орталық мешітіне берілді. Имамдар облыстағы балалар ауылына барып, балғындарға тәтті-дәмділер мен әдеби кітаптар сыйлады.Мешіт имамдары балғындарға әрдайым көмек қолын созып, барынша қолдау білдіреді. Бүгінгі таңда балалар ауылында 6-ы мен 18 жас аралығындағы 48 балғын тәрбиеленіп жатыр. «20 игі іс» шарасы аясында жасалған сый-сияпаттар қамкөңіл жандарды бір қуантты.
«Біздің дініміз жетім-жесірге, мұқтаждарға жәрдемдесуді құптайды. Сондықтан біз өз тарапымыздан әрдайым балаларға көмек беріп, оларға ақыл кеңесімізді айтып, бұл жерге жиі келіп тұрамыз», дейді найб имам Қасымхан Исаев.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.