«АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ЖАМАҒАТҚА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде арнайы дастархан жайылып, ауызашар ұйымдастырылды. Басқосуға мешіт жамағаты қатысты. Ауызашар барысында орталық мешіттің ұстазы Мухаммадсолих Мирзаев ҚМДБ ұсынған «Ас беру мәдениеті» құжатын жан-жақты таныстырды. Ол құжаттың негізгі мазмұнына тоқталып, онда көтерілген мәселелер мен дініміздегі ас берудің әдебі жөнінде кеңінен түсіндірді.

Кездесу кезінде марқұмдарды еске алу рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу, ас беру кезінде қарапайымдылықты сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ас дастарханын шамадан тыс молынан жаю міндет емес екені, ең бастысы – марқұмға дұға бағыштап, оның рухына Құран оқу мен сауапты амалдарға мән беру керектігі айтылды.

Мухаммадсолих Мирзаев құжатта қамтылған ұсыныстардың мәнін түсіндіріп, ас беру дәстүрін қалыптасқан діни ұстанымдар мен ұлттық құндылықтарға сай атқарудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ, мешіт ұстазы Мухаммадсолих Мирзаев мешіт шәкірттеріне де аталған құжаттың құжаттың мазмұны кеңінен жеткізіп, дәстүр мен дін сабақтастығын сақтай отырып, ас беру рәсімдерінде ұстамдылық пен жауапкершілікті басшылыққа алу қажеттігін түсіндірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲