Республика күніне орай облыс орталығында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Тайқазан» жобасы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 40 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Игі бастаманың мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, мереке қарсаңында отбасыларға қуаныш сыйлау және қоғамда қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу.
Қайырымдылық шарасына өңірдің бас имамы Аян Болатұлы мен СҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Қасымхан Абдуллаұлы қатысты.
Игі іс-ізгіліктің бастауы. Осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара көмек пен бауырмалдықты нығайтып, мұқтаж жандарға демеу болары сөзсіз. Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл бастама ел бірлігі мен жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналды.








