РАМАЗАН-2026: ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қасиетті Қадір түнінде жамағатқа викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.

Аталмыш игі шараны облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлы жамағатқа сұрақ-жауап сайысын өткізіп, жамағаттың рухани ілім-білімдерін шыңдады.

Аталған сайысқа қатысамын дейтін жамағаттың шарасы қалың болды. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер қатарынан көрінген азаматтарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲