ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ДӘМХАНАЛАР ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ

Петропавл қаласындағы «CTR Chicken», «Lanzhou», «Компот», «Elit Doner Kebab», «Bereket Chicken», «A`petit», «Рахмет», «Достық мол», «Сити мол» дәмханалары мен ірі сауда орталықтарында орналасқан дәмханаларда аудит жұмыстары атқарылды. Тексерісті СҚО бойынша «Халал даму» ЖШС-нің өкілі Мақсат Аманжолұлы мен технолог маман Аружан Маратқызы жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндіріс процестері, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі және QMDB Halal стандарттарын сақтау деңгейі тексерілді. Барлық кәсіпорындар көрсетілген талаптарға толық сәйкес жұмыс істеп, тұтынушыларға сапалы және сенімді өнім ұсынуға дайын екендігі расталды.

Тексеріс нәтижесінде кәсіпорындардың аудит талаптарына сәйкестігі анықталып, өндірістік процесстердің қауіпсіздігі мен сапасы расталды, бұл олардың халал стандарттарына толық сәйкес келетінін көрсетеді.

Алайда, логотипті заңсыз пайдаланған мекеме де анықтылды. Оған СҚО бойынша «Халал даму» ЖШС-нің өкілі Мақсат Аманжолұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲