Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ақида ілімі бойынша Имам Әбу Ханифаның «Уасия» кітабы негізінде білім сайысы ұйымдастырылды. Шара мешіт наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлының жүргізіп келе жатқан тұрақты ақида сабақтарының екінші кітабы аяқталуына орай өткізілді.
Наиб имам әр дүйсенбі және жұма күндері құптан намазынан кейін жамағатқа ақида дәрістерін өткізіп, сенім іліміне деген қызығушылықты арттырып келеді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Байзақ Әлішер
ІІ орын – Сапар Саібжанұлы
ІІІ орын – Еділ Зікірин
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
Марапаттау рәсіміне қатысқан Хамзат Қажумұратұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай білім сайыстары жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Аталған сайысқа 20-ға жуық жамағат мүшесі қатысып, өз білімдерін сынға салды. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.









