«ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ» АТТЫ ДОСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Күні кеше облыс имамдарының жиынынан кейін Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында «Тәні саудың – жаны сау» атты шағын футболдан достық турнирі ұйымдастырылды. Спорттық шараға өңірдің әр түкпірінен келген имамдар қатысып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Аталған турнирдің басты мақсаты – жеңімпазды анықтау емес, салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестер арасындағы бауырмалдықты нығайту және рухани қызметпен қатар дене шынықтырудың маңызын дәріптеу болды.

Жарыс достық әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға сергектік пен жақсы әсер сыйлады.

Return to Top ▲Return to Top ▲