Облыс орталығындағы “Қызылжар” мешітінде облыстық орталық мешіттің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлының жетекшілігімен өткен ақида сабақтарының кезекті кезеңі аяқталды. Әр жұма күні құптан намазынан кейін өткізілген дәрістерде Әбу Ханифаның “Уасия” кітабы толығымен талқыланды.
Имам Дәуренбек Қабибуллаұлының айтуынша, сабақтар жүйелі түрде жүргізіліп, қатысушыларға үй тапсырмалары беріліп отырған. Жамағаттың діни білімге деген қызығушылығы мен ынтасы жоғары бағаланды.
Мешіт өкілдері бұл бастаманың діни сауаттылықты арттыруға бағытталғанын атап өтті. Алдағы уақытта енді осыған орай арнайы сайыс өтеді.

