Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында орналасқан “All Clean” химчистка желісінің иесі Ескендіров Бахтияр Қанатұлы Уақыпнама алды.
Ізгі ниетті кәсіпкердің бұл қадамы — қоғамға пайдалы болуды, рухани құндылықтарды қолдауды мақсат еткен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Уақып ісіне қосылған әрбір үлес — сарқылмас сауапқа жол, берекеге себеп.
Уақыпнаманы СҚО бойынша ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жауапты өкілі Абдулла Мұхаммад Қасымханұлы ресми түрде табыстады.
Алла Тағала кәсіп пен тірлігін берекелі етсін!

