АРАҚ ПЕН ЛУДОМАНИЯ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлы облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында имам қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — арақтың зардабы мен құмар ойынға тәуелділік туралы кеңінен баяндады.

Дәуренбек Қабибуллаұлы ішімдік пен құмар ойындардың жеке адам мен отбасы, тіпті тұтас қоғамға тигізер зияны жөнінде мысалдар келтіріп, дінімізде мұндай әдеттердің қатты айыпталатынын атап өтті. Сондай-ақ ол әр азаматтың өз бойында имандылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызын жеткізді.

Кездесу соңында наиб имам полиция қызметкерлерін қоғамда ізгілік пен тәртіпті сақтау жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырып, рухани тазалық пен отбасылық береке туралы игі тілегін білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲