Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қызылжар» орталық мешітінде Ораза айт күні айт намазына жамағат таң намазынан бастап жинала бастады. Айт намазының алдында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, уағыз-насихат айтылды. Жиналған мұсылман қауымды құттықтау мақсатында облыстың әкім орынбасары Руслан Қанатхан мырза келді. Намаз оқылғаннан кейін ақсақалды аталарымыз айт мерекесімен құттықтап, жастарға батасын берді. Зиялы қауым өкілдеріне, ақын – жазушыларға, танымал өнер өкілдеріне, мемлекеттік қызметекерлерге, мекеме басшыларына, журналистерге, кәсіпкерлерге, жалпы дін жанашырларыменен мешіт жамағатына айт дастарханы жайылды.