Жаңа мешіттің қазығы қағылды

Қасиетті Рамазан айында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласыныңжамағатын қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық жетті. Береке ықшам ауданында жаңа мешіттің алғашқы қазығын қағу рәсіміне ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имам, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы, қала және аудан имамдары, ел ағалары, ақжаулықты әжелер, БАҚ өкілдері қатысты.

Игі шарада облыс имамы Кенжетай қажы Байкемел ұлы Құран оқып, дұға жасаса, ақсақалдарымыз ақтілегін білдірді.

Ислам дінінде мешіт салған адамға о дүниеде де сарай салынатыны айтылады. Ертеңгі күннің қамын ойлап, мешіт салуды ұйғарған абзал жандарға тек жақсылық тілейміз. 

Return to Top ▲Return to Top ▲