СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің атынан жамағатқа «Берекелі Рамазан» атты дастархан жайылып, 500 адамға ауызашар берілді.
Ауызашарды облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы, Кенжетай қажы Байкемелұлы жамағатқа Бас мүфтидің құттықтауын арнайы жеткізіп, қасиетті рамазан айы туралы ғибратты уағыз айтты. Сонымен қатар, облыс әкімнің орынбасары Дәурен Жандарбекұлы Рамазан айының келуімен құттықтап, өз алғыстарын білдірді.
Рамазанның алдағы күндерінде арнайы бекітілген жоспарға сәйкес, өңірдегі зиялы қауым өкілдеріне, құқық қорғау қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, диаспора өкілдеріне, мүгедек жандарға, дәрігерлерге, соғыс ардагерлеріне, студенттерге, жетім жесірлерге және тұрмысы төмен отбасыларға күнделікті ауызашар беріледі.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі