14.03.2019 жылы қалалық «Қызылжар» мешітінің ұсынысымен Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде діни сауаттылықты арттыру мақсатында аудандар мен ауылдардағы молдалыққа өткізілген екі апталық сауат ашу курсын бітіріп, арнайы сертификаттарға ие болған төрт молдаларға жиналыс өткізілді. Қалалық «Қызылжар» мешітінің Бас имамы Қасымхан Абдұллаұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт қызметкерлерінің міндеттері жайында баяндап берді, сондай-ақ имам-молдалар діни рәсімдерді өткізу барысында ережелер мен талаптарды түсіндіріп, жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды. Молдаларға қажетті әдебиеттер табыс етілді.
Жиналыстан кейін мешіт асханасында мешіттің жамағатына Режеб айының құрметіне қайырымдылық ауызашар ұйымдастырылды.