Қажылық жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғатбойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман парызын өтей алады.
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы 15 қыркүйекте қажылық сапарға аттанғалы отырған қажылармен кездесіп, ұлық сапардың мән-мағынасы мен маңыздылығын түсіндіріп, ақыл-кеңесін айтып, сәтті сапар тілеп, игі лебізін білдірді. Отырыс барысында болашақ қажылар Кәусар Саяхат компаниясы арнайы қажыға барушыларға әзірлеген «Қажылық анықтамалығы» видеоролигін тамашалады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз хатшылығы