1-хадис. Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты

عَنْ أَمِيرِ الْمُؤْمِنِينَ أَبِي حَفْصٍ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ  رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ  صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: » إنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ، وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى، فَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ فَهِجْرَتُهُ إلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ، وَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ لِدُنْيَا يُصِيبُهَا أَوْ امْرَأَةٍ يَنْكِحُهَا فَهِجْرَتُهُ إلَى مَا هَاجَرَ إلَيْهِ»

Хадистің тілдік мағынасы

عَنْ дан, ден, тан, тен, нан, нен. أَمِيرِ әміршісі
الْمُؤْمِنِينَ мүміндердің أَبِي حَفْصٍ Хафсаның әкесі
عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ Омар Хаттабұлы رَضِيَ разы болды
اللهُ Алла عَنْهُ одан
قَالَ айтты سَمِعْتُ естідім
رَسُولَ اللَّهِ Алланың елшісі صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ Алланың оған салауаты
وَسَلَّمَ және сәлемі يَقُولُ айтады
إنَّمَا шын мәнінде الْأَعْمَالُ амалдар
بِالنِّيَّاتِ ниетке байланысты وَإِنَّمَا және шын мәнінде
لِكُلِّ әрбір اِمْرِئٍ адамға
مَا نَوَى ниет еткені فَمَنْ кім
كَانَتْ болса هِجْرَتُهُ жер аударуы
إلَى اللَّهِ Аллаға وَ және
رَسُولِهِ оның елшісіне  فَهِجْرَتُهُ жер аударуы
 إلَى اللَّهِ Аллаға وَ رَسُولِهِ оның елшісіне
وَمَنْ ал кім كَانَتْ болса
كَانَتْ болса هِجْرَتُهُ жер аударуы
لِدُنْيَا дүние үшін يُصِيبُهَا оған (дүние) жетеді
أَوْ немесе امْرَأَةٍ әйел
يَنْكِحُهَا үйленетін فَهِجْرَتُهُ жер аударуы
إلَى ға, ге, қа, ке (бағыт) مَا هَاجَرَ إلَيْهِ жер аударғанына

Хадистің мағынасы

Мүминдердің әмірі Әбу Хафс Омар ибн Хаттаб (р.а) Алла елшісінің (с.а.у): “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Алла мен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Алла және Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)”,-дегенін естідім”,-деп риуаят етеді[1].

Хадисті жеткізуші сахаба жайлы

Омар ибн Хаттаб  толық есімі – Әбу Хафс Омар ибн әл-Хаттаб

Анасы – Хансама бинт Хашим ибн әл-Муғира, әл-Махзумия. Омардың піл оқиғасынан 13 жылдан кейін туылғаны жайлы дерек бер.

Исламға дейін ол Құрайыштардың елшісі болған еді. Алла тағала пайғамбарды (с.а.у) жібергенде, Омар мұсылмандарға өте мейірімсіз, қатал болған, кейіннен ислам қабылдап, мұсылмандардың тірегі болды.

Омардың ислам қабылдағаны жайлы бірнеше хабарлар бізге жеткен. Хабарда Шурейх ибн Убейда Омардың былай дегенін жеткізді: «Мен Алла елшісін (с.а.у) мешітте кездестірдім. Ол намаз оқып жатқан еді. Намазда «әл-Хаққа» сүресін оқып жатыр екен. Мен Құранға таң қалып: «Алланның атымен ант етемін, бұл құрайыштар айтпақшы – ақын» деп өзімше ойладым, сонда ол: 

إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ ﴿٤٠﴾ وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَاعِرٍ ۚ قَلِيلًا مَّا تُؤْمِنُونَ

«Күдіксіз бұл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер»[2]  деген аятты оқыды. Сонда мен озіме: «Бұл – бақсы» дегенімде. Ол:

وَلَا بِقَوْلِ كَاهِنٍ ۚ قَلِيلًا مَّا تَذَكَّرُونَ

«Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер»[3] деген аятты оқып, соңына дейін сүрені аяқтады. Сонда Ислам менің жүрегіме кіре бастады»[4]

Ибн Омар жеткізген хадисте, пайғамбар (с.а.у) Алладан сұрап айтты:

اللّهُمَّ أَيِّدْ الْإِسْلَامَ بِأَحَبِّ الرَّجُلَيْنِ إِلَيْكَ، أَبِي الْحَكَمِ بِن هِشامِ، وَ عُمَرَ بِنِ الْخَطَّابِ

«Иә Алла! Омар ибн әл-Хаттаб немесе Әбу Жәһл ибну Хишам екеуінен, Өзің ұнатқаныңды (таңдап) Исламды берік ет», және ибн Омар айтты: «Және Алла Омар ибн Хаттабты ұнатты»[5] 

Омар ибн әл-Хаттаб тірісінде Жәннәтпен сүйіншіленген 10 сахабалардың бірі болды. Алла жолында шәһид болғаны жайында деректерге келетін болсақ, мұсылмандар парсы мемлекетін ашқаннан кейін, парсылардың кейбіреуі жат сақтау мақсатында бұрынғы діндерін жасырып, өздерін мұсылман ретінде көрсетті. Солардың біреу Әбу Лю’лю’ деген отқа табынушы еді. Зуль-Хижә айының 26 күні, сәрсенбінің таңында Омар жамағатпен таң намазын орындап жатқан кезінде, Әбу Лю’лю’ арнайы Омарды өлтіру үшін жасалған, екі жағында екі жүзі бар, уланған қанжармен Омарды бірнеше рет жаралады. Омар өзін жарақаттаған көпқұдайшыл екенін біліп: «Менің өлімімнің себепкерін мұсылман етпеген Аллаға мақтаулар болсын! Ол Ақырет күні өзінің Алла үшін жасаған сәжделерін айтып, менімен Алла алдында дауласатын еді» дейді. Осыдан кейін өзінің ұлын Абдулланы Айшаға жіберіп, достарының, яғни пайғамбар (с.а.у) мен Әбу Бәкрдің қасына жерлеудің рұқсатын сұратты. Ал Айша рұқсат берді. Омар тағы үш күн өмір сүріп, сосын қайтыс болды.

«Фәтх әл-Бәри» кітабіндегі, Әнәс ибн Мәликтен Қатада жеткізген хадисте, бір уақытта пайғамбар (с.а.у) Ухуд тауында Әбу Бәкр, Омар және Османмен бірге тұрғанында, тау сілкіне бастады, сонда пайғамбар (с.а.у):

اثْبُتْ أُحُدُ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ نَبِيٌّ وَصِدِّيقٌ وَشَهِيدَانِ

«Тыныштал Ухуд! Расында сенің үстіңде пайғамбар, Сыддық, және екі шахид бар», – деп айтқаны келтіріледі.

Ниет

Ниет сөзінің тілдік мағынасы қалау, мақсат деген ұғымдармен сабақтас. Шариғаттағы мағынасы: «қандай да бір амалдың жалғыз Алла үшін жасалу жолында ықылас таныту.  Алла тағала Құран кәрімде:

 وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاءَ وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ   

Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін.[6]

Хадис Яхия бин Сағид әл-Ансари, Мухаммад бин Ибраһим әт-Тамими, Алқама бин Әби Уақас әл-Ләйси, Омар бин әл-Хаттаб тізбектері арқылы жеткен. Ғұламалар соның ішінде имам Бұхари бұл хадисті сахих дәрежесіне шығарады. Бұл хадис жөнінде Абдурахман бин Мәһди: «Егер кітап жазатын болсам, әрбір бөлімін Омардан жеткен осы хадистен бастар едім»[7] деген. Имам Шәфиғидан жеткен хабар бойынша: «Бұл хадис ілімнің үштен бір бөлігі, фиқһ ілімінде жетпіс тармақты қамтиды» деген. Имам Ахмадтан:

أُصُولُ الْإِسْلَامِ عَلَى ثَلَاثَةِ أَحَادِيثٍ حَدِيثُ عُمَرَ إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّياتِ، وَحَدِيثُ عَائِشَةِ مَنْ أَحْدَثَ فِي أَمْرِنَا هَذَا مَا لَيْسَ مِنْهُ فَهُوَ رَدٌّ، وَحَدِيثُ النُّعْمَانِ بِنِ بَشِيرِ الْحَلَالُ بَيِّنٌ وَالْحَرامُ بَيِّنٌ

«Діннің негізі үш хадиске тіреледі: Омардың «Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты хадисі», Айшаның «Бұл дінге кім жаңалық енгізсе, ол қабылдан емес» хадисі, ән-Нуғман ибн Баширдің «Хәләл анық, харам анық» хадисі.

Әбу Даудтан келген хабар бойынша: «Муснадқа (хадис жинақ кітабы) зер сала қарасам төрт мың хадис екен, сол төрт мың хадис төрт хадистің айналасында шоғырланған олар:

حَدِيثُ النُّعْمَانِ بِنِ بَشِيرِ الْحَلَالُ بَيِّنٌ وَالْحَرَامُ بَيِّنٌ، وَ         حَدِيثُ عُمَرَ إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَاتِ، وَحَدِيثُ أَبِي هُرَيْرَةَ إِنَّ اللهُ طَيِّبٌ لَا يَقْبَلُ إِلَّا طَيِّبًا‏,‏ وَ إِنَّ اللهَ أَمَرَ الْمُؤْمِنِينَ بِما أَمَرَ بِهِ الْمُرْسَلِينَ ، وَحَدِيثُ مَنْ حَسُنَ إِسْلَامُ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ قَالَ فَكُلَّ حَدِيثٍ مِنْ هَذِهِ الْأَرْبَعَةِ رُبْعُ الْعِلْمِ

Ән-Нуғман ибн Баширдің «Хәләл анық, харам анық» хадисі, Омардың «Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты хадисі», Абу Хурайраның: «Алла тағала көркем, ол тек көркемділікті қабыл етеді» хадисі және «Адамдардың исламының пайда бергенін, өзіне қатысы жоқ нәрсемен айналыспағаны» деген.

Ниеттің мекеніне келер болсақ, бұған қатысты үш мәселе бар:

Бірінші: Ниеттің бастау алатын орны.  Ғұламалар арасында бірауыздан ниеттің мекені жүрек екені жайында ортақ келісім бар. Алайда ниетті білдірген кезде жария түрде білдіру қажет пе әлде жасырын түрде болады ма? осы  турасында ғалымдар арасында әр түрлі пікір тараған. Дегенмен сахабалар, табиғиндердің кезінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Алғаш рет бұл Ханафи, Шәфиғи мазхабының ғалымдарының көтерген мәселелері бірақ оны міндетті амалдар шеңберіне кіргізбейді.

Екінші мәселе: Ниетті жария айту және айтпау мәселесі.  Жоғарыда айтқандай ниет кейінгі ғалымдардың мустахаб деңгейінде кіргізген мәселесі. Бұл мәселеде уахабшылардың сүйенетін ғалымдары Ибн Таймия,  Ибн Қаим ниетті сырттай айту исламдағы бидғат оны істеген адам үлкен күнәға батады деп есептейді.[8] Алайда бұл қате ұстаным ниетті жария айтудағы мақсаты өзін құлшылыққа арнау соны сезіну болса ондай кезде күнәға батпайды ал егер сырттай айтудағы мақсаты басқаға көрсету мақтану болса күнә жүгін арқалағаны.

Үшінші мәселе: Ниетті жария айту кездері. Ихрамға кірген кездегі ниетке келетін болсақ, ислам дініндегі барлық мазһабтар ниетті сырттай айтқан абзалырақ деген. Атақты хадис ғалымы имам Науауи кімде-кім ихрамды қаласа жүрегімен тілімен мына сөзді айтсын: «Аллаһым Сенің разылығың үшін ихрамға кірдім, ләббайка Аллаһумма ләббайк ләббайка ла шәрика ләкә ләббайк иннал хамда уа ниғмата ләкә уәл мулк лә шәрикә ләк».

 Құрбан шалған кезде жасалатын сырттай ниетке келетін болсақ, ол жайында пайғамбарымыздың (с.а.у) мына хадисі дәлел:

) ذَبَحَ النَّبِيُّ – صلى الله عليه وسلم – يَوْمَ الذَّبْحِ كَبْشَيْنِ أَقْرَنَيْنِ أَمْلَحَيْنِ مُوجَأَيْنِ فَلَمَّا وَجَّهَهُمَا قَالَ: إِنِّي وَجَّهْتُ وَجْهِيَ لِلَّذِي فَطَرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ عَلَى مِلَّةِ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ لَا شَرِيكَ لَهُ وَبِذَلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا مِنَ الْمُسْلِمِينَ، اللَّهُمَّ مِنْكَ وَلَكَ وَعَنْ مُحَمَّدٍ وَأُمَّتِهِ بِاسْمِ اللَّهِ وَاللَّهُ أَكْبَرُ ثُمَّ ذَبَحَ ( ، وهذا تلفظ بما نوى.

Пайғамбарымыз (с.а.у) ның құрбан айт күні екі қошқарды құрбандыққа шалып, бауыздарда мына сөздерді айтқан: «мен Ибраһим миллетіне сәйкес бетімді аспан мен жерді жаратқан Аллаға бұрдым және   мен мүшріктерден болмадым. Шынында менің құлшылықтарым, тірі болуым өлуім әлемдердің Раббысының құзырында. Оның ешбір серігі жоқ. Осыған мен әмір етілдім және мен мұсылмандарданмын Аллаһым бұл сенен болған ризық және Саған қайтарудамын Мухаммед және оның үмметінің атынан Алланың есімімен Аллаһу Акбар.

Құран аяттары мен пайғамбармызыздың (с.а.у) хадистеріндегі «ниет» сөзі

Құран кәрімде ниет жайында әртүрлі сөздермен баян етілген.Кейбір аяттарда ақыретті қалау «ирадатул ахира», Алланың уәжһін «ирадату уәжһилләһ» (Алла разылығы үшін жасалған амалдар) қалау немесе Алланың ризашылығын қалау «ибтиға мардатиһ» деген сөз тіркестерімен келген. Алла тағала Құран кәрімде:

(وَلَقَدْ صَدَقَكُمُ اللَّهُ وَعْدَهُ إِذْ تَحُسُّونَهُمْ بِإِذْنِهِ حَتَّى إِذَا فَشِلْتُمْ وَتَنَازَعْتُمْ فِي الْأَمْرِ وَعَصَيْتُمْ مِنْ بَعْدِ مَا أَرَاكُمْ مَا تُحِبُّونَ مِنْكُمْ مَنْ يُرِيدُ الدُّنْيَا وَمِنْكُمْ مَنْ يُرِيدُ الْآخِرَةَ)

(Алла сендерге берген уәдесін растады да Оның әмірімен жауды қынадай қырдыңдар (Ухуд соғысында) Деседе, сендер ұнататын олжаны көздеріңе көрсеткеннен кейін әлсіздіктеріңді байқатып, (пайғамбардың)  әмірі жайында дауластыңдар, Оған қарсы шықтыңдар. Кейбіреуің пәнилік дүниені кейбіреуің ақыретті көздедіңдер)[9].

Басқа бір аятта:

(مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُ فِيهَا مَا نَشَاءُ لِمَنْ نُرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُ جَهَنَّمَ يَصْلَاهَا مَذْمُومًا مَدْحُورًا (18) وَمَنْ أَرَادَ الْآخِرَةَ وَسَعَى لَهَا سَعْيَهَا وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَئِكَ كَانَ سَعْيُهُمْ مَشْكُورًا (19) كُلًّا نُمِدُّ هَؤُلَاءِ وَهَؤُلَاءِ مِنْ عَطَاءِ رَبِّكَ وَمَا كَانَ عَطَاءُ رَبِّكَ مَحْظُورًا (20) انْظُرْ كَيْفَ فَضَّلْنَا بَعْضَهُمْ عَلَى بَعْضٍ وَلَلْآخِرَةُ أَكْبَرُ دَرَجَاتٍ وَأَكْبَرُ تَفْضِيلًا

Кімде-кім дүние тірлігін қаласа, бізде бергіміз келгенге өз қалағанымызды береміз, одан соң оны тозаққа салып жазалаймыз. Ол оған қор болып, (Алланың рақымынан ) құр қалған күйде кіреді. Кімде-кім ақыретті қалап, мүмін болған күйде ақырет ісіне құлшынса, олардың құлшынулары шүкірге лайықты болады. (Дүниені тілеген) бұларға да, (ақыретті қалаған) оларға да Раббыңның арнағанын береміз. Раббыңның берер сыйы (ешкімге) шектелмейді. Олардың біреулерінен біреуін қалай үстем еткенімізді қара! Әрине ақыреттегі дәреже тіпті де жоғары, артықшылықтар тіпті де зор.[10]

Жоғарыдағы аяттарда Алла тағала  адамдарды екі топқа бөлген бірінші топ дүниені қалаушы топ, яғни оның одан басқа мақсаты жоқ, оның барар жері аятта келгендей тозақ. екінші топ ақыретті қалаушы топ яғни әрбір ісінде Алланың разы болғанын қалайтын топ оның барар жері Құран аятында келгендей жәннәт.

Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннетінде амалдағы ниеттегі ықылас жайында  көптеген хадистер келген. Атақты ғалым имам Мунзири өзінің кітабы «әт-Тарғиб уә әт-Тарһиб» кітабында үңгірдегі үш адам жайында хадистен бастаған болатын: «Бірде сендерге дейін өмір сүрген үш адам жолға шығып, сапарда жаңбырдан пана іздеп бір үңгірге келіп паналады. Алайда олар үңгірге кірген кезде таудан бір тас домалап түседі де, одан шығар жолды тығыздап жауып тастайды. Сонда олар: «Ақиқатында бұл тастан сендерді Алла Тағалаға өздеріңнің ізгі істеріңді дәнекер етіп, сол үшін Оның сендерді осы қиыншылықтан құтқаруын тілеп, жалбарынуларың ғана құтқарады!»-десті. Содан соң олардың бірі өзінің бала-шағасынан да, үй-қызметшілерінен де бұрын ата-анасын тамақтандырып, Алла ризалығы үшін әке-шешесіне айрықша қамқорлық көрсеткенін айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Алла Тағалаға жалбарынған кезде, тас аздап жылжиды. Содан кейін екінші жолаушы өзінің бір қызға өлердей ғашық болғанын, бірақ оның оң қабақ танытпағанын, сол арудың қуаңшылық жылы қатты тарыққан кезінде, ақша үшін жігіттің еркіне көнуге келісім бергенін баян етеді. Дей тұра қыз мұның Алладан қорқуы керектігін есіне салған кезде, Алладан қорыққандықтан ғана әлгі аруға берген ақшасын да алмастан, мүмкіндікті пайдаланбай, оны жібере салғанын айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Алла Тағалаға жалбарынған кезде тас тағы біраз жылжиды, бірақ үңгірден шығу мүмкін емес еді. Кезек үшінші жолаушыға жетеді. Ол басынан өткен мына жағдайды баяндайды. Өзі жұмысқа жалдаған малайларының бірі еңбекақысын алмай кетіп, арада уақыт салып, қайта оралып, ақшасын сұрағанда, ол жоқта әлгінің еңбек ақысын пайдаланып, көбейткенін, кейін ол ақшаға көптеген мал-дүние алғанын әңгімелеп, сол түйелерді, сиырларды, қойларды, қызметшілерді көрсетіп, осының бәрін ақысын сұрап келген әлгі адамға бергенін, мұны тек Алланың ризалығы үшін істегенін айтып, көмек сұрап жалбарынғанда, тас олар үңгірден шыға алатындай жерге дейін жылжиды«.[11] Бұл хадистегі салихалы құлдардың амалдарын саралай келе амалдардың деңгейі әртүрлі болса да ниеттерінің шынайылығы үшін олардың дәрежелерін көтеріп, қиыншылықтан босатты.

عن أَبِى أُمَامَةَ الْبَاهِلِىِّ قَالَ:جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِىِّ صلى الله عليه وسلم فَقَالَ أَرَأَيْتَ رَجُلاً غَزَا يَلْتَمِسُ الأَجْرَ وَالذِّكْرَ مَا لَهُ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم لاَ شَىْءَ لَهُ فَأَعَادَهَا ثَلاَثَ مَرَّاتٍ يَقُولُ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم لاَ شَىْءَ لَهُ ثُمَّ قَالَ إِنَّ اللَّهَ لاَ يَقْبَلُ مِنَ الْعَمَلِ إِلاَّ مَا كَانَ لَهُ خَالِصًا وَابْتُغِىَ بِهِ وَجْهُهُ.

Әби Умамадан келген хадисте бірде пайғамбарымызға (с.а.у) бір адам келіп: «Егер біреу Алла жолында атақ абырой мен сияапатты мақсат етіп соғысса оған не дер едіңіз», дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Оған ешбір сауап жоқ» дейді. Анау кісі сұрағын үш рет қайталады пайғамбарымыз (с.а.у) үш мәрте оған: «Еш сауап жоқ» деп жауап берді. Сосын былай деп айтты:  «Шын мәнінде Алла шынайы болған, тек оның разылығын үміт қылған амалды ғана қабыл етеді» деді. [12]

Бұл жердегі адам жасаған амалы үшін сауап алғысы келеді дегенмен атақ-абыройды да қалайды. Қазіргі кезде кейбір мешіт салып, Алланың разылығымен қатар адамдардың арасында мәртебесінің өскенін қалайтын пенделер секілді.

عَنْ نَافِعِ بْنِ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعَمٍ . قَالَ : حَدَّثَتْنِي عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم:يَغْزُو جَيْشٌ الْكَعْبَةَ ، فَإِذَا كَانُوا بِبَيْدَاءَ مِنَ الارْضِ يُخْسَفُ بأولهم وأخرهم . قَالَتْ : قُلْتً : يَارَسُولَ اللَّهِ ، كَيْفَ يُخسَفُ بأولهم وأخرهم وَفِيهِمْ أسواقهم وَمَنْ لَيْسَ مِنْهًمْ ؟ قَالَ : يُخْسَفُ بأولهم وأخرهم ، ثًمَّ يُبْعَثُونَ عَلَى نِيَّاتِهِمْ.

Айша анамыздан жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.у) айтты: «Қағбаға бір әскер соғыс ашады. Олар кең жазық алаңда тұрған кезде әуелгісінен бастап түгелі жойылады». Сол кезде Айша анамыз: «Олардың ішінде жақсылары да бар емес пе?» деді. Басынан аяғына дейін түгелі жойылады кейін ниеттеріне қарай тіріледі»[13].

Әлемде болып жатқан табиғи апапттар, су тасқыны, зілзалалар ол да Алланың сынағы, кей жағдайда азабы болуы мүмкін. Осындай апаттарда бейкүнә жандардың, мұсылмандардың өлім құшуы және олардың кейін ниеттеріне қарай тірілуі Алланың өзінің құлдарына деген рақымдылығы.

عَنْ أَنَسٍ , أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم قَالَ:لَقَدْ تَرَكْتُمْ بِالْمَدِينَةِ أَقْوَامًا مَا سِرْتُمْ مَسِيرًا وَلاَ أَنْفَقْتُمْ مِنْ نَفَقَةٍ وَلاَ قَطَعْتُمْ مِنْ وَادٍ إِلاَّ وَهُمْ مَعَكُمْ فِيهِ قَالُوا : يَا رَسُولَ اللَّهِ وَكَيْفَ يَكُونُونَ مَعَنَا وَهُمْ بِالْمَدِينَةِ فَقَالَ حَبَسَهُمُ الْعُذْرُ.

Анастан келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Сендер Мәдинада бір қауымды тастап кетіп бара жатырсыңдар, сендер қанша жер жүріп, артта қалдырсаңдар да, қанша садақа берсеңдер де олар сендермен бірге, сол кезде олар айтты: «Ия Алланың елшісі қалайша олар  біздермен бірге бола алады, олар Мәдинада емес пе?» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Олар үзір (себеп) болғандықтан шыға алмады» деді. [14]

Хадисте көріп тұрғанымыздай пайғамбарымызбен (с.а.у) бірге жорыққа шығуды қалаған кейбір мұсылмандандар үзір (себеп) болғандықтан шыға алмай қалған. Дегенмен мұсылмандармен бірге болуды ниет еткендіктен солардың амалында сауап жазылады.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم : إِنَّ اللَّهَ لاَ يَنْظُرُ إِلَى صُوَرِكُمْ وَأَمْوَالِكُمْ وَلَكِنْ يَنْظُرُ إِلَى قُلُوبِكُمْ وَأَعْمَالِكُمْ.

Әбу Хурайрадан жеткен хадис бойынша Алланың елшісі (с.а.у) айтты: Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды» [15].

Хадистегі жүрек деп тұрған нәрсе ол адамның ниеті өйткені ниеттің орны шығатын жері жүрек болғандықтан мекенді айтумен ниетті мақсат етуде. Жүрек – имандылық пен күпірліктің мекені. Сахаба Әбу Һұрайра (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Жүрек – патша. Ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар болады» деген[16].

عَنْ أَبُي كَبْشَةَ الأَنْمَارِيُّ ، أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم يَقُولُ:  إِنَّمَا الدُّنْيَا لأَرْبَعَةِ نَفَرٍ : عَبْدٍ رَزَقَهُ اللهُ مَالاً وَعِلْمًا ، فَهُوَ يَتَّقِي فِيهِ رَبَّهُ ، وَيَصِلُ فِيهِ رَحِمَهُ ، وَيَعْلَمُ ِللهِ فِيهِ حَقًّا ، فَهَذَا بِأَفْضَلِ الْمَنَازِلِ ، وَعَبْدٍ رَزَقَهُ اللهُ عِلْمًا وَلَمْ يَرْزُقْهُ مَالاً ، فَهُوَ صَادِقُ النِّيَّةِ ، يَقُولُ : لَوْ أَنَّ لِي مَالاً لَعَمِلْتُ بِعَمَلِ فُلاَنٍ ، فَهُوَ بِنِيَّتِهِ ، فَأَجْرُهُمَا سَوَاءٌ ، وَعَبْدٍ رَزَقَهُ اللهُ مَالاً وَلَمْ يَرْزُقْهُ عِلْمًا ، فَهُوَ يَخْبِطُ فِي مَالِهِ بِغَيْرِ عِلْمٍ ، لاَ يَتَّقِي فِيهِ رَبَّهُ ، وَلاَ يَصِلُ فِيهِ رَحِمَهُ ، وَلاَ يَعْلَمُ ِللهِ فِيهِ حَقًّا ، فَهَذَا بِأَخْبَثِ الْمَنَازِلِ ، وَعَبْدٍ لَمْ يَرْزُقْهُ اللهُ مَالاً وَلاَ عِلْمًا ، فَهُوَ يَقُولُ : لَوْ أَنَّ لِي مَالاً لَعَمِلْتُ فِيهِ بِعَمَلِ فُلاَنٍ ، فَهُوَ بِنِيَّتِهِ ، فَوِزْرُهُمَا سَوَاءٌ.

Абу Кабшата әл-Әнмариден жеткен хадис бойынша ол Алланың елшісінен (с.а.у) естіген болатын: «Дүниеде төрт адамның түрі бар: бір адамға байлықты да ілімді де берген. Ол Раббысынан қорқады, туысқанына жақын. Алла алдындағы хақысын біледі. Ол адам Алла алдында үлкен мәртебеге ие. Екінші бір адамға ілім беріліп байлық берілмеген. Ниетінде сыншыл. Егер менде де байлық болса пәленше секілді жұмсар едім» дейді. Ниетінің шыншылдығы үшін жоғарыдағы адаммен сауабы бірдей. Енді бір адамға Алла байлық беріліп, ілім берілмеген. Ол білімсіздігінен байлығын оңды-солды шашады. Алладан қорықпайды және жақындарына да қайырымдылығы жоқ. Алланың алдындағы хақысын да білмейді. Ол ең төменгі дәрежеде. Енді бір адамға байлық та, ілім де берілмеген. Ол: Егер менде байлық болса, анау адам секілді оңды-солды жұмсар едім» дейді. Оның сол ниеті үшін жоғарыдағы адаммен тартар азабы бірдей. [17]

وعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ ، رَضِيَ اللهُ عَنْهُ ، أَنَّ رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم قَالَ:قَالَ رَجُلٌ : لأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ ، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِي يَدِ سَارِقٍ ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ : تُصُدِّقَ عَلَى سَارِقٍ ، فَقَالَ : اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ ، لأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ ، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِى يَدَيْ زَانِيَةٍ ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ : تُصُدِّقَ اللَّيْلَةَ عَلَى زَانِيَةٍ ، فَقَالَ : اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ عَلَى زَانِيَةٍ ، لأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ ، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِي يَدَيْ غَنِيٍّ ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ : تُصُدِّقَ عَلَى غَنِيٍّ ، فَقَالَ : اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ ، عَلَى سَارِقٍ ، وَعَلَى زَانِيَةٍ ، وَعَلَى غَنِيٍّ ، فَأُتِيَ فَقِيلَ لَهُ : أَمَّا صَدَقَتُكَ عَلَى سَارِقٍ فَلَعَلَّهُ أَنْ يَسْتَعِفَّ عَنْ سَرِقَتِهِ ، وَأَمَّا الزَّانِيَةُ فَلَعَلَّهَا أَنْ تَسْتَعِفَّ عَنْ زِنَاهَا ، وَأَمَّا الْغَنِيُّ فَلَعَلَّهُ يَعْتَبِرُ فَيُنْفِقُ مِمَّا أَعْطَاهُ اللهُ. أخرجه أحمد 2/322 (8265) \»البُخاري\» 1421 و\»مسلم\» 2326 و\»النَّسائي\» 5/55

Алла елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Бір кісі: «Мен міндетті түрде садақа беремін» деп садақасын алып шығып, оны (білмей) ұрының қолына ұстатады. (яғни, Алладан басқа ешкім білмей-ақ қойсын деген ниетпен түн жарымда байқаусыздан, қателесіп садақасын ұрыға беріп қояды) Таңертең (адамдар арасында): «Ұрыға садақа беріпті», – деген әңгіме желдей еседі. Сонда ол кісі: «О, Алла, мадақ Саған тән (барлық жағдайда өзіңе шүкірлер болсын! Мен міндетті түрде (мұнан да артық етіп) садақа беремін», – деп (бар ниет-ықыласпен) садақасын (келесі түні жасырын түрде тағы да) алып шығады да, оны жезөкшенің қолына ұстатады. Таңертең (адамдар): «Түнде біреу жезөкшеге садақа беріпті», – деп әңгіме қылады. Сонда ол: «О, Алла, мадақ Саған тән! (Мен садақаны) жезөкшеге (беріппін), бұйыртса (тағы) міндетті түрде садақа беремін», – деп садақасын алып шығып (келесі жолғы түнде) бай кісінің қолына ұстатады. Күндегідей таңертең (адамдар): «Бай адамға садақа беріпті», – деген әңгімені гу ете түседі. (Мұны естіген) ол: «О, Алла, мадақ Саған тән! (Мен садақамды) ұрыға, жезөкшеге және бай адамға (беріппін)», – дейді. Сонда оған (біреу) келіп: «Ұрыға берген садақаң, мүмкін оны ұрлық істемеуден қайтарар, жезөкшеге бергенің, мүмкін оны зинадан (жеңіл жүрістен) қайтарар, ал бай адамға бергенің, мүмкін ол ғибрат алып, Алланың берген (байлығынан Алла жолында) жұмсайтын болар», – деп айтты», – делінген..[18] Сондықтан, мұсылман адамның шынайы ниетпен жасаған әрбір жақсы амалы сауапқа кенеледі және  қайтарымы Алладан болады.  Алла тағала Құран Кәрімде:

وَمَا تُنفِقُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ

«Расында, Алла жасаған игіліктеріңді (өте жақсы) біледі»[19].

Шынайы ниеттің жемістері:

  • Адамның жүрегі дене мүшелерімен әрдайым арпалыста,ойымен күресте болады, өйткені бақылаудан бір сәт тыс қалса, адамды орны толмас қайғыға апаруы мүмкін.
  • Әрбір амалына есеп беруді үйренеді. Бұл амалынан Алла разы бола ма болмай ма? деген ойлар оны әркез тастамайды.
  • Адамның көкейінде әрдайым бақылаудың астында жүргендей сезім болады, өйткені құл жүрегіндегі нәрсенің Аллаға аян екенін біледі. Пайғамбарымыздың хадисінде келгендей ихсан дәрежесіне жетеді. Хадисте ихсан жайында былай деп айтылған:

تَعْبُدُ اللهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ

«Аллаға көріп тұрғандай құлшылық қыл өйткені сен Оны көрмесең де Ол сені көріп тұр».[20]

Ниеттің сыншылдығы жайында тарих кітаптарында мынандай қиссаны риуаят етеді. Бірде бір топ ұры үлкен керуен жайында естіп, жол торауылға шығады. Қарақшылық әрекеттерін жасап қайтқанда кеш батып, түн жамылған соң уағдаласқан жерлеріне бара алмай, сол маңдағы бір үйлердің бірінде түнемекші болады.  Бір үйдің есігін қағып, өздерін Алла жолында дін жайып жүрген адамдар ретінде таныстырады. Мұны естіген үй иесі қуана қарсы алып, бөлек бөлме дайындатқызып, ас әкеліп, асты-үстіне түсіп, қызмет жасайды. Сол үйдің туғанынан бір мешел баласы болады. Ертеңіне ұрылар кеткеннен кейін үйдің иесі әйеліне айтады: «олардың дәреттінен, жуынғанынан қалған суларын баламыздың денесіне сипашы мүмкін олардың берекетімен Алла шипасын берер» деді. Әйелі айтқанын бұлжытпай орындайды. Кешке ұрылар тонайтынын тонап, өздерінің зимиян әрекеттерін жасап, жұрттың көзінен таса болу үшін әлгі үйге қайтып келеді. Үйге қайтып келген олар өз көздеріне өздері сенбей біраз тұрып қалады. Кеше ғана төсекке таңылып жүре алмай жүрген баланың бүгін өз аяғымен жүргенін көреді. Олар үйдің қожайынына: «Кеше ғана балаңыз мешел еді бүгін қалайша жүріп кетті» деп, таң қалысты. Үйдің иесі: «Ия сіздердің шарапаттарыңыздан осылай болды дәрет алған суларыңыздың қалдығын алып, балама сүртіп едім, Алланың құдіретімен  сіздердің берекелеріңізбен жазылып кетті, сіздер Алланың жолында жүрген оның сүйікті құлы емессіздер ме?! деді. Әлгі адамның шынайы ниетіне тәнті болғаны соншалық көздеріне жас келіп жылап жібереді, жылап тұрып былай деп  айтады: «Біз сен ойлағандай дін жаюшы Алланың сүйікті құлы емеспіз біз анығында кісі өлтіріп, жол торыған қарақшылар едік. Алла балаңды сенің шынайы ниетің үшін ауруынан жазды. Сөйтіп олар барлығы тәубісіне келіп, алған заттарын иелеріне қайтарып, басында үйдің иесіне өздерін таныстырғандай әлемнің әр тарабына Алланың дінін жаюға кетеді.[21]

Имам Ғазали «Зат түрлі қоспадан арылғанда ғана тазарады. Кіршіксіз таза әрекеттер де ықылас деп аталады» [22]деген.  Сондықтан шынайы, таза ниетпен жасалған іс-әрекеттердің барлығын ықыласқа жатқызуға болады. Ықылас адамның ынтасын еселеп, ерекше құлшындырады. Ықыласпен істелген іс аз ғана болса да, ықылассыз істелген көп істерден артық тұрады. Хазірет Әли (р.а.) : «істің көбіне емес, аз болса да ықыласпен істелуіне көңіл бөл» деп, кеңес берген.
Ықыластылық – барша пайғамбарлардың қасиеті. Пайғамбарлардың қай-қайсысы да ғибратты ғұмырында тек қана Жаратушыны разы етуді қалап, өз міндеттерін қалтқысыз орындауға тырысқан. Аллаһым құлшылық-ғибадатымызда ықыласымызды арттырсын.

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы 

Әділбеков Хамзат

2a5b3e15-f124-4b61-a741-c7d64430f653

[1] Бұхари, Муслим хадистер жинағы

[2] Хаққа сүресі, 40-41 аяттар

[3] Хаққа сүресі, 42-43 аяттар

[4] Ибн Һишам сирасы

[5] Тирмизи 3764,

[6] Баина сүресі, 5-аят

[7] Ибн Раджаб әл-Ханбалидің «Жамиғ әл-улум уәл хикам» кітабы

[8] Ибн Таймияның «Фаатуа кубра» кітабының намаз бабында

[9] Әли-Имран сүресі, 152-аят

[10] Исра сүресі 18-21 аяттар

[11] Бұхари және Муслим хадистер жинағынан

[12] Насаи хадистер жинағы

[13] Бұхари хадистер жинағы

[14] Ахмадтың хадистер жинағы

[15] Муслим хадистер жинағы

[16] Байһақи хадистер жинағы

[17] Тирмизи хадистер жинағы

[18] Бұхари, Муслим хадистер жинағында

[19] Бақара сүресі, 273-аят

[20] Бұхари, Муслим хадистер жинағы

[21] http://www.okaz.com.sa/new/mobile/20140219/Con20140219678524.htm

[22] Имам Ғазали «Ихия улумуддин».

Return to Top ▲Return to Top ▲