Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданының Покровка ауылындағы Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен және жергілікті уағыз насихат тобының қатысуымен «Еліміздегі қазіргі діни ахуал» атты кездесу өтті.
Жергілікті ауыл әкімдері, колледж ұстаздары мен шәкірттеріне арнайы насихат тобының мүшесі, «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы А. Алыпқашев, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің қызметкері С. Маргунов, облыстық дiн iстерi басқармасының бөлiм басшысы Н. Ғабдуллин сөз сөйледі.
Кездесуге қатысқандарға «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Болатұлы жат ағымдар жастарды адастыратын жол екендігін ашып айтып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дәстүрлі емес діндерге шығарған пәтуасын айтып түсіндірді. С.Маргунов пен облыстық дiн iстерi басқармасы бөлiмiнiң басшысы Н. Ғабдуллин «Ат такфир уаль хиджра» халықаралық ұйымының экстремистік деп тану туралы Астана қаласының Сарыарқа ауданық сотының шешімі шыққанын да жеткізді. Сондай-ақ, экстремистік радикалды бағыттағы ағымдардың қай түрі де біздің қоғамға жат екенін, шынайы мұсылман адам ешқашан шектен шығушылыққа бармайтынын айтты.
Арнайы облыстық «Қызылжар» орталық мешіт атынан теріс ағымдар туралы арнайы жасалған парақшалар мен кітапшалар таратылды.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
[gallery_bank type=»images» format=»thumbnail» title=»true» desc=»false» img_in_row=»3″ animation_effect=»» album_title=»false» album_id=»3″]