Әйел – Алланың аманаты

Қоғамның даму барысын әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес қой. Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ ана, Бопай ханым, Айғаным мен Ұлпан секілді аналарымыз ұлт болып ұйысуымызға, мемлекетімізді баянды етуге зор үлес қосқаны тарихтан аян. «2006-2016 жылдарға арналған Тендерлік теңдік стратегиясын» қабылдаған елімізде әйелдер ардақты тұлғаларға айналды.

Сондай-ақ ислам діні де әйел затын аса қадір тұтқан. «Кімге жақсылық жасайын?» – деген сахабаға үш рет «Анаңа» деген жауап берген хадисті бәріміз де білеміз. Әйел Алланың ер-азаматтарға тапсырған аманаты екендігі айтылған хадис те бар.

Өткен жұма күні ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай«Қызылжар» орталық мешітінде сауат ашу курсының шәкірттері болып табылатын бір топ әйелдермен кездесу өткізгенде осының бәрі де айтылды. Бас имамның уағызын ұйып тыңдаған олар алғыстарын білдірді.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20170206-wa0004 img-20170206-wa0002

Return to Top ▲Return to Top ▲