АСТАНАДА БАС МҮФТИ ДІНИ АТТАШЕНІ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Қазақстандағы елшілігінің діни атташесі міндетін атқарушы Сертач Гүнер мырзаны қабылдады. Кездесуде бауырлас елдердің діни саладағы әріптестік байланысы жан-жақты сөз болды. Бас мүфти қазақстандық 24 дін қызметкері Түркиядағы «Хасеки» академиясын бітіріп, бүгінде осы саладағы жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеп, Түркия Дін істері басқармасының басшылығына алғысын жеткізді.

Ресми қабылдауда Қазақстанда қызмет етіп жүрген түркиялық ұстаздардың тыныс-тіршілігі мен жұмысы туралы да әңгімеленді.

«ҚМДБ қызметкерлері 2016 жылдың мамыр айында Түркияның Дін істері басқармасына барып, тәжірибе алмасып келді. Бұл сапар біздің жұмысымызға серпін берді. Бас мүфти Мехмет Гөрмез мырза қазақша кітаптардың шығуына үлкен қолдауын көрсетіп келеді. Діни басқарма атынан тағы да ризашылығымызды білдіреміз», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz  

Return to Top ▲Return to Top ▲