Жаңа мешіттегі Мәуліт

Есіл ауданындағы Петровка ауылының бір шетінде өткен жылдың қарашасында пайдалануға берілген мешіт – тас жолдың қарсы бетіндегі Мәдениет ауылында өмірден өткен адамдардың рухын тірілткендейболған ғибадат ордасы. Үш ай бойы үнсіз жатпаған жаңа мешіт енді, міне, үлкен шараны да ұйымдастыра білді. Онда сауапты да салауатты іс – Мәуліт мерекесі өткізілді.

Мерекені ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай кіріспе сөзбен ашты. Мәуліт дінімізді насихаттаудың жас ұрпақты имандылыққа шақырудың орайлы бір сәті екендігін атап көрсетті ол.

«Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Азамат Сәрсенов Пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен өсиеті, тағылымы, таусылмас ғибратты ғұмыры хақында көсіле сөйледі. Одан соң     «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммад-Құтб Файзиев Мәуліт оқыды.

Алғашқы үш айдың босқа өтпегені бұл күні анық аңғарылды. Мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін оқып берді.

Мәуліт соңында ас берілді. Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай уағыз айтты.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20170206-wa0017

img-20170206-wa0015 img-20170206-wa0012

Return to Top ▲Return to Top ▲