Құрбан айты қарсаңындағы Қызылжардағы қала, аудан имамдарының жиналысы

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, 15- қыркүйек «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан имамдарының жиналысы ұйымдастырылды. Аталған жиналыста ҚМДБ-ның тарапынан келген бір қатар тапсырмалар талқыланып соның ішінде құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу, мешіттерде киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы ойын-сауықтар, рухани кештер ұйымдастырылуын тапсырды. Жиналыста сондай-ақ «Иман» журналына, «Ислам өркениеті» газетін халық арасында кең насихатталуын міндеттеді.

Дін істер агенттігінен жиналысқа қатысқан арнайы өкілі Карменов Абубакирге имамдар мешіт тіркеу ісіне байланысты және мектептерде уағыз-насихат жүргізу мәселелеріне орай, сұрақтарын қойып, тиімді жолдарын қарастырды.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲