Асыл дініміз Исламда үлкендерге құрмет көрсету ерекше маңызға ие. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қандай да бір жасы үлкен кісіге құрмет көрсетсе, Алла оған жасы ұлғайғанда құрмет көрсететін адамды жолықтырады», – деген. Үлкендерге құрмет көрсетуде сөзімен де, ісімен де өзгеге өнеге қалдырған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарға сусын не тамақ таратқанда алдымен үлкендерден бастауды бұйыратын. «Қызылжар» орталық мешітінің сауат ашу шәкірттері жамағаттың асыл апаларын қарттар күнімен құттықтап, түрлі ойындар ұйымдастырды. Апаларға ата-ана туралы аят-хадистер келтіріп, Дина атты шәкірт М. Мақатаевтың «Ана, сен бақыттысың» шығармасын оқыды, ал Айжан Бауыржанова мен Ұлман Ақылбекова «Асыл әже» атты өлеңін орындады. Жиын соңында әжелерге сыйлықтар табысталды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі