Қасиетті Рамазан айының құрметіне Тайынша аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шара жасалды. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жағдайы төмен отбасыларға, әрі мүгедек жандарға азық-түлік сатып алынып, табысталды.
Аталмыш шараға ауданның бас имамы да қатысып, мұқтаж жандарға Құран окып, Алладан жәрдем тіледі. Олар өз кезегінде көрсетілген көмекке разы болып, қайырымды жандарға ризашылықтарын білдірді.