«Ғаламтор желісіндегі жалған діни ақпараттардан сақ болу»

«Қызылжар» орталық мешітінде әйелдер жамағатына «Ғаламтор желісіндегі жалған діни ақпараттардан сақ болу» жайында сабақ өткізілді.

Бүгінгі қоғамда барлық адамдар үлкен кішісі болсын, әлеуметтік желілерде отыратыны белгілі. Барлық ғаламтордағы мәлімет тексерілуден өтпейді, әрі  дәйексіз мағлұматтар өте көп, әсіресе діни материалдар кеңінен таратылуда.  Соның кесірінен жастарымыз жат ағымдарға кіріп, қате ой туындайды.  Дәстүрлі емес діндерді қабылдап, арбауларына түсіп, үлкен қателіктерді жіберіп жатыр. Бұл болса – адамның өміріне, болашағына қиянат келтіре алатын өкінішті жайт. Міне осы мәселе жайында «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков сабақ жүргізді. Бұл сабақта жалған діни ақпараттарды анықтап, солардан қорғану жолдары қарастырылды. Ғаламтор желісіндегі діни мазмұнды хабарлама, видео, аудио таратылып жүр, олардың ішінде дұрысы да бар, дінімізге қайшы келетіні де бар. Аталмыш мешіттің  ұстазы Ажар Батырова ватсап желісіндегі кеңінен таралған жалған смс-терді  тақтада көрсетіп, дінімізге қарсы келетінін дәлелдеу мақсатында аят, хадистер  келтіріп, осы жалған ақпараттардан сақтану жолдарын  түсіндірді.

dsc08805

dsc08778

dsc08789

dsc08800

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲