Сауд Арабиясы тарихында тұңғыш рет әйел адамдарға арналған фитнес орталық ашылып отыр. Жидда қаласындағы нәзікжандыларға есігін айқара ашқан орталықтың ашылу салтанатына ханшайым Рима бинт Бандар әл-Сауд қатысып: «Біз сіздер үшін ең озық жаттығу құралдарын таңдадық», – деп, ізгі тілегін жеткізді.
Аталмыш орталықта жаттығу күні мен уақытын, сондай-ақ жаттығу бағдарламасын таңдау әйелдердің өз еріктеріне берілген. Бұған қоса, фитнес орталықтың арнайы мобильді қосымшасы да әзірленген екен.