«ИСЛАМ СЕГІЗДІГІ» ҰЙЫМЫНЫҢ САММИТІ БАСТАЛДЫ

«Ынтымақтастық арқылы мүмкіндіктерді арттыру» деген тақырыппен ұйымдастырылған Ислам сегіздігінің 9-шы саммиті Стамбул қаласында басталды.

Саммиттің беташарында сөз сөйлеген президент Ердоған: «Елдеріміз арасындағы саудада енді ұлттық ақша бірлігімізді қолданудың жолын ашқан жағдайда,  Ислам сегіздігі ұйымы тарихында бір төңкеріс болар еді.  Валюта бағамы қысымы,  доллар мен евро қысымы астында экономикаларымызды әлсіретудің қажеті жоқ», – деді.

Айырбас комитеті құрылуы үшін Орталық банктерге бас қостыруды ұсынған Ердоған: «Ислам сегіздігі ретінде жиналыстарға қатысу деңгейін арттыру керек, жеке меншік сектордың жұмыстарын да қосу қажет.  Президенттер ретінде Ислам сегіздігі саммитінің маңызын түйсінуіміз керек. Ұйымымызды сақтап,  одан да ықпалды,  одан да мықты болуы үшін жұмыстануымыз қажет», – деді.

Әлемде барлық нәрсе өзгеріп отырғанда, Ислам сегіздігінің тұрып қалуының қабылданбайтынын атап көрсеткен Ердоған «Жаңа ортақтармен жалғастыруымыз керек. Кеңеюден қорықпау керек»,–  деді.

Түркия, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Малайзия, Индонезия, Мысыр және Нигериядан тұратын Ислам сегіздігі 1997 жылы құрылған болатын.

muslim.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲