Ежелгі тарихи жерлерге сапар(ФОТО)

Ежелден келе жатқан асыл сөздер қатарында тарихтың ойып тұрып орын алатындығын айқындайтын бір керемет сөз бар: «Өткендерін ескерген – өскендіктің белгісі, өткендерін жек көрген-өшкендіктің белгісі»… Осы мақал ісіміздің арқауы болып, өткендерімізді ескеріп, өскен ұрпақ болуға ұмтылыс жасап тың жобаны жүгезе асырылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен және «Әжелер мектебінің» ұйтқы болуымен Айыртау ауданына қарасты тарихи жерлерге экскурсия жасалды. Экскурсия құрамында Солтүстік Қазақстан бойынша өкіл имамы, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжатай қажы Байкемелұлы, «Әжелер мектебінің» мүшелері мен М. Қозыбаев атындағы университеттің ұстазы, география ғылымдары докторы, кандидат Мукарам Мұрзатқызы, дін істері басқармасының басшысының орынбасары Нажиба Рашидқызы, «Серпін» бағдарламасы бойынша келген университет студенттері және мешіт шәкірттері  тарихи жерлерге сапар шекті.

Сапар барысында  алғашқы аялдама Сырымбет ауылында орналасқан «Айғаным ханым қонысындағы» тарихта аққан жұлдыз болып қалған Шоқан Уәлихановтың үйіне және Айғаным ханым кесенесіне, Ш.Уәлиханов атындағы тарихи этнографиялық музейге табан тіреді.

Содан кейін Айыртау ауданы, Мәдениет ауылында Қарасай және Ағынтай батырлар атындағы мемориалдық кешенде болды.

img-20170925-wa0022

20170924_130742

20170924_130842

20170924_131241

img-20170925-wa0041

dsc08538

dsc08532

dsc08492

dsc08497

dsc08504

dsc08512

dsc08517

dsc08522

dsc08530

img-20170925-wa0022

dsc08535

dsc08542

dsc08544

Мәдениет орта  мектебінің ұжымы экскурсиялық топқа дастархан жайып, сапарға тамаша өң берді.

img-20170925-wa0029

Сапардан алған әсерін  М. Қозыбаев атындағы университеттің тарих мамандығы бойынша студенті Бекболат Зарина Арабқызы былай баяндады:

Жамағат толық 30 ды болып жиында

Жаңа бір бастау болды осы оқу жылында

Ағынтай мен Қарасай , Айғаным ханым бейітін

Зиярат ету Алланың берген сыйыда.

 

Бамдаттан кейін дайындық жасап шығуға,

Асықтық біз уақытылы орында тұруға

Көшіміз толып аттандық алыс сапарға

Бастады имам, болды жігіттер , апалар мен қыздар сұлуда

 

Шоқан ауылы, тамаша табиғат, суық күн

Тарихқа тұнған, ерекше болды қызық күн

Айғаным əжем қазақтың асыл сынығы

Асылдармен тарихым əркез қызық тым

 

Ашыққан шəкірт, ас ішудің қамыт ет,

Арнайы бізге дастархан жайып салып ет

Қарсы алып бізді Қарасай елді-мекені

Қонақжай болған мектеп ұжымы сіздерге үлкен рахмет

 

Ұзақ сапар жеткізді бізді орынға

Қарасай мен Ағынтай бабам Айыртаудың жолында

Керемет əсер алдық біз осы сапардан

Қуанып мəз боп рухымыз өсіп соңында

 

Аллаға шүкір ортамыз алтын жамағат

Аллаға мадақ расулға болсын салауат

Көнілім толқып, шабытым келген сөздерді

Шығарып жаздым азғантай жырды  қалам ап- деп бұл экскурсиядан алған әсерін өлең жолдарымен жеткізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲