ДІНТАНУ САБАҚТАРЫН БАЛАБАҚШАДАН БАСТАП ОҚЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

Түркия мемлекетінің Білім министрлігі елдегі кейбір провинция мүфтияттарымен бірлесе отырып, дінтану сабақтарын тереңдете түсетін оқу-ағарту бағдарламасын іске қосып отыр. Қазіргі таңда мұндай келісім Анталья мен Болу провинцияларының мүфтияттарымен орнатылып, аймақтағы балабақшалар аталмыш оқу бағдарламасына көшу үстінде көрінеді. Бұл жайында «NewsTurk» сайты хабарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін 4-сыныптан бастап міндетті болған дінтану сабақтары енді балабқшаларда 4 жастан асқан бүлдіршіндерге оқытыла бастайтын болмақ. Мүфтият өкілдері мен Білім министрлігі жоба бойынша оқу ұзақтығы – аптасына алты сағат.

Muslim.kz сайтынан

Return to Top ▲Return to Top ▲