Тайынша ауданына жаңа имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Кеңес Қарамысов  «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы қызметінен босатылып, Тайынша аудандық мешітіне бас имам болып тағайындалды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Тайынша қаласына іс-сапармен барып, жергілікті жамағатқа жаңа имамды таныстырды. Тағайындалған имамға атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Жұма құтпасы оқылып, жаңа имамға ұйыған жамағат намаз оқып, тарқасты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc02222 dsc02207 dsc02209 dsc02213

Return to Top ▲Return to Top ▲