Бір күні жоқшылық көрмеген ұлы мен бай әкесі кедей бір ауылға жолға шығады .Бұл сапардағы әкесінің мақсаты адамдардың қаншалықты кедей,
өздерінің қаншалықты молшылықта тұратындығын көрсетпек еді . Олар кедей адамдардың үйінде бір күн, бір түн қонақ болды .
Үйлеріне қайтып оралар жолда әкесі баласынан : адамдардың қандай кедей болатындығын көрдің бе балам ? -деп сұрады.
Ия – , деп жауап қатты ұлы
Қанекей нелер көрдің ? деді әкесі
Баласы оған не түйгенін айта бастады.
Біздің үйде бір итіміз бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшамыздың ортасына дейін ғана созылған бассейніміз бар, ал оларда ұзыннан – ұзақ
cоңы көрінбейтін гүрілдеген өзен екен. Біздің ауламызда шет елдік лампаларымыз бар , ал оларда жарқылдап жымыңдаған жұлдыздар.
Біздің көру алаңымыз ауламыздың қақпасына дейін ғана, ал олардікі бүкіл көкжиек. Баласы осыларды тізіп біткенде әкесі үнсіз қалды, ал баласы : «қаншалықты кедей екендігімізді көрсеткеніңе рахмет саған әке» – деп бітірді сөзін.