«Әжелер сөзі – ақылдың көзі» атты кездесу өтті(фото)

«Қызылжар» орталық мешітінің «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы №6 мектепте мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен «Әжелер сөзі – ақылдың көзі» атты кездесу өтті. Бұл жиынға оқушылармен қатар мұғалімдер де қатысты. Ең алдымен «Әжелер мектебінің» төрайымы Ырысжамал Аленова қыз тәрбиесі жөнінде сөз қозғап, клуб мүшелерімен таныстырды. Одан кейін ата-ананың балаларына деген қарым-қатынасы жайында видеоролик көрсетілді.

dsc08309

dsc08323

dsc08326

     Кездесу барысында жастар арасынан 8-сынып оқушылары Иманова Жансая, Балғабай Эльнара «Қызды қырық үйден тыю», «Иманды қыз», «Латын әліпбиі туралы ойларыңыз?» т.б деген сұрақтар қойды.

dsc08330

dsc08335

Оқушылардың сұрақтарына клуб мүшелерінен Салима қажы Атажанқызы, Сапура қажы  жауап берді.

Оқушылар өз тараптарынан ән салып, «Қазанғаптың» күйін орындады.

dsc08341

dsc08351

dsc08366

dsc08374

dsc08388

dsc08402

     Жиын соңында №6 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жібек Жағыпарқызы Арықова «Әжелер мектебіне» ғибратты әңгімелері, айтқан ақылдары үшін алғыстарын арнады.

dsc08407

dsc08414

dsc08421

dsc08430

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲