Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен, «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруыменен еліміздің барша Республикалық маңызы бар қалаларында және өңір орталықтарында ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» жобасы аясында «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітің ұжымы да аталмыш іс-шара аясында жергілікті мұқтаж 30 жанұяға қайырымдылық көмек көрсетті.