Қарты бар елдің қазынасы бар

Еліміздің барлық аймақтарында Халықаралық «Қарттар күніне» орай қайырымдылық шарасы өтті.
Біздің өңірімізде де, «Қызылжар» орталық мешітінің бастамасымен, «Перзенттің ата-ананың алдындағы міндеттері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда ата- әжелер мен жастар қатысты. Бұл дөңгелек үстелде  «Жұмақтың кілті ата- ананың аяғының астында» дегендей, ата ананың қадірі, оларды құрметтеу, сыйлау жайында уағыз айтылды. Ата- әжелерімізді, жастарды мазалаған сұрақтарға  жауап алды. Кездесудің соңында «Қартайдым деп қайғырма, қамқоршың бар артыңда»  атты суреттер таратылды

DSC04514

«Қызылжар» орталық мешітінің

Баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲