ҚАРТТАР ҮЙІ

«Қарттарым – асыл қазынам» деп өскен қазақ халқы қашан да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен. Мұсылман елі болып саналатын қазақ даласында жетімдер үйі, қарттар үйі деген ұғым жоқ. Дегенмен, заман солай ма, адам баласының қаталдығын алға тартамыз ба, әйтеуір бұл «үйлер» көбеюде…
Қариясын құрметтеп, жетімін жылатпаған халықтың мұндай күйге түскеніне күйініп, нали қарайсың.. Әлі де болса заман түзелер, баяғы дәурен қайта оралар деп дұға қыласың…
19 наурыз күні «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы бастаған мешіт жамағатының «Әжелер мектебі» мен «Әйел-қыздар» секторының шәкірттерімен бірге Аққайың ауданының қарттар үйіне барып қайтқан болатын.
Халида қажы Мыңайдарқызы бастаған шәкірттеріміз қарттар үйінде бар өнерлерін көрсетіп, көңілдері жарым болған қарт кісілердің көңілдерін көтеріп, баталарын алды. Концерт барысында әуезді күй шертіліп, ән шырқалып, өлеңдер оқылды. Іс-шара соңы мерекелік дастарханға ұласып, қарттарымызға азын-аулақ сыйлықтар табысталды.
Қазыргі таңда осы қарттар үйінде 350-ден астам мүгедек және қарт адамдар тұрып жатыр. Арасында ардагерлер, еліне еңбегі сіңген қариялар да жоқ емес…

Return to Top ▲Return to Top ▲