«Қызылжар» орталық мешітінде Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күніне орай мерекелік сабақ өтті. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілікте өмір сүріп, өз тілдерін, мәдениеттерін сақтай отыра, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін құрметтейді. Орталық мешіттің ұстазы Ажар Батырова әртүрлі ұлттар мен нәсілдердің мәдениеттері шариғатқа қарсы келмейтіні жайында аят пен хадистер келтіріп, халықаралық достық жайлы уағыз айтты. Сабақ барысында мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері Гүлдәурен Омарбекқызы мен Роза Макканбайқызы жамағатты құттықтап, Қазақстан Республикасы халықтардың тілдері жайлы баяндама оқыды. Шара соңында шәкірттер алғыс хатқа ие болды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі