Өткізілген іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларға мешіт атынан және Зекет қорының атсалысумен 10 отбасыға Ноутбуктар сыйға тартылды.
Аталмыш шара барысында барлық карантин талаптары сақтала отырып биылғы оқу жылының талабына сай құрылғыға иеленген шәкірттер қуаныштарын жеткізіп, ата-аналары алғыстарын білдірді.
Бас имам жаңа оқу жылымен әр баланы құттықтап: «Осы құрал сіздердің кәделеріңізге жарап , болашақта сіздердің әр-біріңізден білікті маман иелері щығады» – деген жылы лебізімен шығарып салды.