ХАЛАЛ АС – ЖАН АЗЫҒЫ

«Шындығында, ненің халал, ненің харам екені анық. Алайда, осы екеуінің арасында адамдардың көбіне адал, не арам екенін айыра алмайтын күмәнді нәрселер де бар. Ендеше кімде-кім осындай күмәнді нәрселерден іргезін аулақ салса, діні мен арын кіршіксіз таза күйінде сақтап қалады. Ал, күмәнді нәрселердің шырмауына түскен адам бейне бір қорықтың маңында мал жайып жүрген бақташыға ұқсайды. Малының кез келген сәтте қорыққа түсіп кету қаупі болғандай, ол үшін де харамға бой алдыру қаупі бар. Расында, әр патшаның ешбір жанға аяқ басқызбайтын қорығы болады. Алланыңқорығы – Оның харам қылған нәрселері. Шынында, денеде бір кесек ет бар. Егер сол ет сау болса, бүкіл дене сау болады. Ал егер бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Ол – жүрек.» (Нұғман ибн Башир (р.а) Бұхари, Иман 39; Муслим, Мұсақат 107)

Ия, жоғарыда келтірілген хадис-шәріп хақ дін Исламның мәйегі болып  табылатын һәм бар үкімін қамтитын бес хадистің бірі саналады. Расында да асыл дініміз исламда әрбір мұсылман баласы  халал  мен харамға көңіл бөлуі керек.  Халал  – барша  мұсылмандардың күнделікті  тыныс-тіршілігіне қатысты шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер  шеңберін қамтитын ұғым.

Халал  және харам дегеніміз не?  Жұртшылық  халал мен харамды ажырата ала ма? Халал тағамдарды қайдан алуға болады? деген сияқты бірнеше сұрақтардың жауабын білу үшін «Қызылжар»  орталық мешітінде 10-ақпан күні Петропавл қаласындағы «Мухсин» мешітінің имамы, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің  Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілі, Қурсаков Абылайдың  қатысуымен семинар-тренинг өтті. Абылай имамға әйел-қыздар жамағатының шәкірттері, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып ұтымды жауап ала білді. Семинар – тренингке отызға жуық шәкірттер қатысты.

Return to Top ▲Return to Top ▲