Осыдан 12 жыл бұрын ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Сауд Арабиясы корольінің тақ мұрагері берген қаржыға салынған «Қызылжар» орталық мешіті – Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы зәулім де сәнде сәулетімен сүйсіндіретін ғимараттардың бірі. Қазіргі Рамазан айының өзінде оның табалдырығынан аттауды құптаған туристтер табылып қалады. Солардың бірі – Германиядан келген туристер отбасы жуырда осы мешітте болып, жылы лебізін білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі