Алла Тағала «Рахман» сүресінде: «Адамзатты жаратты. Оған сөйлеуді үйретті» деген. Шындығында да, сөйлеу адам баласына берілген қабілеттің ең ұлығы. Сөйлеу арқылы адам өз ойын, ішкі толғауларын өзге адамдарға жеткізе алады.
Дін қызметкерлері де Алланың әмірін, асыл дінімізді көпшілікке жеткізу барасында барынша біліктілігімен қатар, көркем сөз сөйлеу әрі шешендікті де игере білу керек.
Сол себепті, ҚМДБ-ның тапсырмасы, Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінде имамдар арасында «Нұрлы мінбер» атты өңірлік имамдар байқауы өтті. Байқауда имамдар діни білімдерімен қатар, шешендік мәнермен сөз айту әрі тапқарлығымен сынға түсті.
Бұл сынға сарапшы ретінде өкілдіктің арнайы шақыруымен келген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор, сахна тілінің маманы Мұрат Әбзелбаев қатысты. Мінбердегі имамдардың уағызын тыңдаған ғалым сын айтумен қатар «Сөйлеу өнерінің шебері» атты бір күндік мастер-классын өткізді. Бұл қысқа дәрісте М. Әбзелбаев уағыздаушының дұрыс тыныс алумен дем шығару, денені тік ұстау, дыбыстық интонацияны дұрыс шығару сияқты құнды кеңестерін берді.
Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі
muftiyat.kz сайтынан