«Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыс Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен «Зекет» қорының өкілі Қасымхан Абдуллаұлы бастап қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Жиырмаға жуық отбасыға азық-түлік ( картоп, ұн, сүт өнімдері,..) таратып, жағдайларымен танысты.
Сонымен қатар алдағы уақытта да осындай қайырымдылық іс-шаралары жалғасын табатынын айтып жалпы халықты қуантып қойды.