ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Мамлют ауданының бас имамы қызметін атқарған Қадырбек Шәріп Қызылжар ауданының бас имамы болып тағайындалды.
Осыған орай, ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Қызылжар ауданының Бескөл ауылына іс-сапармен барып, жергілікті жамағатты жаңа имаммен таныстырды.
Қасиетті жұма күні ханафи мәзхабының ерекшеліктері жайында айтылды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі