«Серпін» бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алып жүрген студент қыздардың көбісі «Қызылжар» орталық мешітінің сауат ашу курсының шәкірттері болып табылады. Олар мешіттің «Әйел-қыздар» секторы өткізетін шараларға белсене қатысып тұрады.
Өткен жексенбі күні барынша белсенділік танытып жүрген олардың бір тобын ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Алғыс хатпен марапаттады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі