Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Уақып» қоры мен бірлесе өткен шара кезінде бүлдіршіндерге сөмке толы оқу құралдары таратылды. Негізінен аз қамтылған, көп балалы, яғни, әлеуметтік жағдайы қолдауды қажет ететін отбасы балаларын қамтыған акция кезінде мектеп оқушыларына сыйлықты Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы өзі арнайы тапсырды.
«Дінімізде білім алуды әрбір адамзатқа парыз еткен. Сондықтан да талмай білім алуға, ата-анаға мейірімді болуға, ұстаздарыңды құрмет тұтуға, оқуда озат болуларыңа тілектеспін», — деді Бас имам.