Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні қалалық Мәдениет үйінде облыстық және Петропавл қаласының әкімдігінің қолдауымен, «Мейірімділік-М» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Салауатты Қазақстан!» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолдарымен жасаған туындыларының көрме-жәрмеңкесі өтті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Үлкендерін сыйламаған және кішілеріне мейірімділік танытпағандар бізден емес» деп айтқандай, бұл шараның да бірден-бір мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп, қазіргі қоғамға сай бейімдеу болды.
Осы шараға облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы қатысып, мешіт атынан қайырымдылық көмек көрсетті.
Көрме концерттік бағдарламаға ұласып, кейін арнайы қазылар алқасы жәрмеңкенің жеңімпаздарын жариялады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі