КІТАПХАНАШЫЛАР МЕШІТ МЕЙМАНЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті өңіріміздің кітапханашыларына «Ислам және бүгінгі қоғам» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.  Бүгінгі қоғамда дін қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгені айтпаса да түсінікті. Сондықтан иманды орта тәрбиелеуге мүдделі имамдарға кітапханашылар да қол ұшын бере алады. Облыстың бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы  рухани тұлғаларға дәстүрлі діннің жастар тәрбиесіне өзіндік ықпалы жайында әңгімелеп, биыл алғаш рет өткен имамдар форумында қабылданған құжаттар жөнінде айтып берді.

«Бұл құжаттар жұртшылыққа дұрыс жол, бағыт бағдар бере алады. Имамдардың бейнесін айқындап, діни ахуалды тұрақтандыруға өзіндік үлесі зор» , деді бас имам. Сондай ақ, кітапханашылар да алдағы уақытта  мешіт кітапханасымен әріптестік байланыс орнатуға уағдаласты.

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲