Зияткерлік мектепте кездесу өтті

Бүгін «Қызылжар» орталық мешітінің «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен Назарбаев Зияткерлік мектептің оқушыларымен кездесу өтті. Жиында бірінші болып сөз алған «Әжелер мектебінің» төрайымы Ырысжамал Әленова «Бесік Иесі әйел», «Руыңды жоғалтқың келмесе, ұлыңды дұрыс тәрбиелеу керек» деген тақырыптарды қозғады. Әр тәрбиеде имандылық болу керек. Сондықтан да, ізетті де инабатты ұл-қыз тәрбиелеу негізіне әйел жауапты.

dsc09687

dsc09688

Ал Сапура қажы мен Салима қажы «Қазіргі қыздардың тәрбиесі», «Ата-анаға деген құрмет», «Отанды сүю», «Бала тәрбиесі» жайында айтты. Салима қажы өз сөзінде: «Ұлтты ұстап тұратын үш дің. Ол: дін, ұлт және жер. Діңгектер мықты болса, еліміз мықты болады. Біздің үмітіміз сіздер»,-деп жастарымызға өсиет айтты.

dsc09693

dsc09695

dsc09701

    Кездесу соңында оқушылар тарапынан ән орындалып, қазақтың ұлттық би биледі.

dsc09686

Return to Top ▲Return to Top ▲