ҚМДБ-ның қайырымдылық жасау жайында тапсырмасына орай, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, мешіттерде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Қасиетті Құран Кәрімде: «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар!» («Бақара» сүресі, 148 аят) – делінген. Осы жолы Жамбыл ауданы, Пресновка селосы «Тәуба» мешітінің ұйымдастыруымен және жастар ісінің ұйтқы болуымен аудан орталығындағы мүгедек жандарға қайырымдылық іс-шара өткізілді. Жамбыл аудандық «Тәуба» мешітінің бас имамы Блисов Ғабит Қуандықұлы әр отбасына арнайы барып, хал жағдайларын сұрады. 7 отбасына мешіт тарапынан азық-түлікпен көмек көрсетілді. Мүгедек жандардың отбасы мүшелері мешіт тарапынан үнемі көмек жасалып тұратындығын, осындай игі істер ұйымдастырып отырған өкілдікке алғыстарын білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі