ЕЛОРДАДА «ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЫНТЫМАҒЫ» ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Жалынды жастар ынтымағы» республикалық жастар форумы басталды.

Жастардың ынтымағын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиын еліміздің мемлекеттік әнұранымен басталып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Форум жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев, «Qazaqstan team» жастар ұйымының басшысы Олжас Сүлейменов, сондай-ақ белсенді жастар мен ҚМДБ Жастар ісі секторының әр өңірдегі өкілдері қатысуда.

Форум аясында жиынның үндеуі қабылданып, семинар-тренингтер өтеді деп жоспарлануда.

Return to Top ▲Return to Top ▲