Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Сейтбеков Смайл Сүйерқұлұлы өзі жетекшілік ететін бөлімнің жұмысын жандандыру мақсатында Петропавл қаласына іс-сапармен келді. Іс сапар барысында бірнеше маңызды кездесулерге қатысты. Оның бірінде СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде жергілікті кәсіпкерлерге халал продукция өндірудің маңыздылығымен қатар, кез келген тұтынушыға әрі тауар иесіне тиімділігімен оның пайдасын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар халал өнімін шығаратын кәсіпкерлерге халал сертификатын табыстады. Халал сертификатын берген кәсіпорынға үнемі тексеру мен бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады.
Қызылжар баспасөз хатшылығы